Бұған дейін Алматыда өз анасы үш баласын өлтірмек болғаны туралы хабар тараған болатын. Бақытымызға орай, құтқарушылар балаларды аман алып қалды. Оқиғадан кейін әйел психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Алайда, соңғы деректерге қарағанда, ол көп ұзамай босатылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алатау ауданындағы «Бақытты отбасы» аналарды қолдау орталығының басшысы Ақмарал Басированың айтуынша, отбасы өзі тұрған жалдамалы пәтерде жоқ.
"Біздің жігіттер олар тұрған мекенжайға барғанда, үй иесі жалға алушылардың бұл жерге мүлдем келмегенін айтқан. Полиция келіп, көршілерден жауап алған көрінеді. Келесі күні туыстары келіп заттарын алып кетіпті. Міне, отбасы жоқ. Ал балалары әкелеріне тапсырылған еді. Біз қазір олар қайда, оларға не боп қалды, қауіп төніп тұрған жоқ па екен деп алаңдап отырмыз. Әсіресе, мұндай жарақаттан кейін олар психологтардың көмегіне мұқтаж. Оларды іздеу үшін қорғаншылық органдары мен ішкі істер басқармасына хабарласамыз. Қылмыстық іс қозғалды, қандай да бір шектеулер болуы керек қой! Қазір істі тоқтатып тастай ма деп қорқамыз", - деді Ақмарал Басирова.
Айтпақшы, әйел балаларын батырғанға дейін идеясын айтып үлгерген. Отбасының әкесі тіпті жұмыстан көршілеріне телефон соғып, әйеліне қарауды өтінген. Алайда оқиғадан кейін, куәгерлердің айтуынша, ол өзін біртүрлі ұстаған: ол әйелін қатты қорғап, «өзін оның орнына қойып көруді» ұсынған.
Сонымен бірге, құтқарушылар әйелдің мінезінен өкініш нышанын байқамады. Әйел оларға күйеуінің отбасылық жанжалдары үшін кек алу үшін балаларды суға батырғысы келгенін және күйеуі де өзін кінәлі сезініп, өлгісі келгенін айтқан.
Ал, ерлік көрсеткен құтқарушыларға «Бақытты отбасы» орталығы мен аудан әкімдігінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Бұған дейін құтқарушылар Almaty.tv тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.