Жол ережесін бұзудан рекорд орнатқан жүргізуші ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Алматы полициясы 6,5 млн теңге айыппұлы бар көлік иесін анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы 6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар шетелдік көлік жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшсі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

189 рет жол ережесін бұзып, 6,5 миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған азамат анықталды. Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігін тоқтатты. – Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Оқи отырыңыз: Ресейде көпірден құлаған автобуста бір қазақстандық қаза болды (Видео)

Новости партнеров