Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екеуі де өртеніп кетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
«Шұбарқұдық-Соль-Илецк» тасжолының Ойыл ауданы Саралжын ауылы маңында жол апаты болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екеуі де өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шұбарқұдық-Соль-Илецк» тасжолының Ойыл ауданы Саралжын ауылы маңында жол апаты болды. «Ваз-2110» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі «Мitsubisi Montero» автокөлігімен соқтығысты. Кейін екі автокөлік жолдан шығып, өртенді. 

«Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушілері мен 5 жолаушы жарақат алып, Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының мектеп директорлары жол апатына ұшырап, екеуі оқиға орнында көз жұмды. Екеуі ауруханаға түсті. Жыл басынан бері өңірде 200-ден астам жол-көлік апаты болған. Онда 40-қа жуық адам көз жұмды.

Новости партнеров