|
30.06.2020 | 17:00
3718

Үш күн бұрын жоғалған жасөспірім табылды

Алматы облысының полицейлері үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 10-сынып оқушысын іздеп тапты

Үш күн бұрын жоғалған жасөспірім табылды  newtimes.kz

Алматы облысының полицейлері үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 10-сынып оқушысын іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусым күні сағат 15: 45 шамасында Іле ауданының кезекші бөліміне Көктерек ауылының 42 жастағы тұрғыны орта мектептің 10-сынып оқушысы 16 жастағы ұлының 26 маусым күні әкесі екеуінің арасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, жоғалып кеткені туралы арызданған. 

Сол уақыттан бері ол ұлынан еш хабар ала алмаған. Аталған дерек тіркеліп, полицейлер бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан бозбаланың туыстары арқылы, оның көрші кенттегі орналасқан жерін, яғни құрылыста жұмыс істеп жүрген орнын анықтады.

 Оқушының телефон арқылы анасына хабарлама жібергені анықталды, алайда анасы ол хабарламаны оқымаған. Тәртіп сақшылары тәрбие-түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, оны ата-анасына тапсырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир