Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Аimaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ел аумағында заңсыз жүрген азаматтар «Учаске» атты арнайы іс-шара барысында анықталды.
- Бір аптаның ішінде 216 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алыс шетелдің 38 азаматы (Африка құрлығы елдерінен – 17 және Түркия – 11), сондай-ақ көршілес елдердің 178 азаматы бар. Сонымен қатар 105 шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болмай, қабылдап-таратуға орналастырылды. Өзбекстаннан – 66, Тәжікстаннан – 25 және Нигериядан – 8. Сот шешімімен Қазақстаннан 40 шетелдік шығарылды, оның 22-сі – Өзбекстан азаматы, 11-і – Нигерия азаматы, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарын қабылдаған 54 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз:Алматыда техникалық мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды