Теміртауда экс-полицей намысына тиген адамды атып өлтірді

Теміртауда экс-полицей намысына тиген адамды атып өлтірді
Жантүршігерлік оқиғаға марқұмның "жақсы менттер болмайды" деген сөзі түрткі болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ІІМ-нің бұрынғы қызметкері рөлде отырып, Теміртаудың ортасында қиылыста тұрған өзінің қарсыласына оқ атып, одан кейін автокөлікпен қашып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік оқиғаға марқұмның "жақсы менттер болмайды" деген сөзі түрткі болған.Сондай-ақ, ол Оспановтың бұрынғы қызметіне қатысты өзге де бейәдеп пікір білдірген екен.

Бұрынғы полицей Сәкен ішкі істер органынан кетіп, өндірістік базаға жұмысқа кірген.

"Оспанов Димитров көшесіндегі пәтерінде Тулешов есімді жолдасымен бірге арақ ішкен. Сөйтіп отырғанда, екеуі дастархан басында сөзге келіп қалған. Алайда пәтердегі өзге адамдар оларды сабырға шақырыпты. Төлешов Әбішевтың бұрын соңды ішкі істер органында қызмет еткені үшін оған тіл тигізе бастады. Мұның соңы жанжалға әкеп соққан.

Бір сағат өткеннен кейін Әбішев "ВАЗ 21063" көлігіне мініп, Мисчурин көшесі бойымен өндірісті базаға бет алған. Онымен бір сағат бұрын сөзге келіп қалған Төлешов те жанына ілесіп алды. Жол жөнекей олардың арасында қайта дау туып, базада жалғасын тапқан. Олар төбелесе бастапты. Алайда база күзетшісі ер адамдарды ажыратып алыпты", - деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынш мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шәріп Сисимбаев.

Күзетші ащы суға тойып алған Төлешовты шығарып жіберген. Ол өз жөнімен үйіне кетіп бара жатқан. Алайда экс-полицей масайған жолдасын кешіруді ойламапты. Ол ангардан шолақ мылтықты алып, "Газельге" мініп, Төлешовтың артынан шыққан. Түнгі сағат екі шамасында Қарағанды тас жолы мен Мичурин көшелерінің қиылысында жолдасын көріп, тоқтап, оң жақтағы жолаушы есігінің әйнегін ашып, терезеден оқ атқан. Төлешовтың дәл мойнына тиген.

"Нәтижесінде Төлешов оқ жарақатынын оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жасырынған, алайда кейінірек ұсталды. Менің үкіміммен айыпталушы ҚК-тың 99 бабы "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Шәріп Сейсембаев.

Бұрынғы полицей жазасын жоғарғы қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.

Новости партнеров