|
25.04.2024 | 17:05
2981

Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттетті

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттетті elements.envato.com

Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттетті, деп хабарлайды Almaty.tv әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе компагиясының ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Келеңсіз оқиға екі күн бұрын Алматы әуежайында болған. Компания пилоттың жолаушы ретінде ұшпақ болған жерінен ұсталғанын мәлімдеді. Полиция қазір сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қызметкер жұмыстан шеттетілді.

-Air Astana компаниясында басты басымдық болғандықтан, қызметкерлердің есірткіні немесе алкогольді ішімдікті тұтынуы мүлде құпталмайды. Және компанияда тұрақты түрде қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні тұтыну бойынша тексерістер жүргізіледі, - деді «Аir Аstana» компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов.

23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалын жүргізіп жатыр.

Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды.

Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады.

Оқи отырыңыз: 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймыз: автобус апатына қатысты қылмыстық іс қаралды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир