Жамбыл облысының тұрғыны 1000 теңге үшін тұтас ауылмен соттасып жатыр

Даулы іс былтыр тамыз айында басталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«1000 теңге үшін тұтас ауылмен соттасып жатыр». Жамбыл облысындағы Қайыңды ауылының халқы, белгісіз компания жинап кеткен ақшаны, қайтарып алғаны үшін айыпты болып отыр. Оқиға былтыр болған, деп хабарлайды Almaty.tv

Айтуынша, ауыл тұрғындарынан газ құбыры қауіпсіздігін тексеретін компания 1000 теңгеден ақша алған. Алайда бір айдан аса бірде бір құбырды қарамаған. Кейін компания берген ақшаны қайтарып береді. Бірақ бірнеше күннен кейін «ауыл тұрғындары ұрып-соғып, ақшамызды тартып алды» деп сотқа берген. 

Даулы іс былтыр тамыз айында басталған. «Газ құбырын тексеріп, тазалап береміз», деген белгісіз компания мың теңгеден жинап алады. «Онсыз газ берілмейді» – деп те алдаған көрінеді. Солайша бір емес, қатар жатқан Қайыңдымен қоса тағы Сөгеті, Мамай Қайыңды учаскелерінен де алыпты.

«Бір үйден екі рет алып кеткен. Алдымен әйелінен барып алған, сосын көшеде кездесіп күйеуінен алған. Талап, тілегіміз сол ауылдың мәселесін заң жүзінде дұрыстап шешіп берсін, болды. Біз 2-3 адам емеспіз, бұл жерде халық», – деді Рысқұлов ауданының тұрғыны Айдын Баққожаев.

«Олардың осындай алаяқтықпен айналысып жүргенін ауылдың балалары біліп, халықтың ақшасын жинап, кеңсенің алдында халықтың 1000 теңгесін қайтарып берді. Кеткеннен кейін барып сотқа беріп жатыр», – деді облыс тұрғыны Қамбар Дөңбайтегі.

Ауыл әкімдігі де «жұрттікі дұрыс» – дейді. Жиын жасап қос жақты келісіммен кетсе де сот ісі тоқтамай жатыр екен. Ауылдықтар осы уақытқа дейін 5 рет сот отырысына қатысыпты.

«Біздің балаларымыздың ешқандай кінәсі жоқ. Олар тек әділдік іздеді. Барлығы заңды түрде болды», – деді Қайыңды ауылдық әкімдігінің бас иманы Айдар Төребек.

Қайыңды халқы жиған 300 мың теңгесін қайтарып алған. Ауылға барып ақша жинатқан компания басшысын, таба алмадық. Бірақ өкілімен байланыстық. Ол «тұрғындардан таяқ жеген жоқпыз» деп отыр.

«Фирманың бастығы Сартаев Қажымұхан деген кісі бізді жинатқан. Ұрып, соқты деп мен жазған емеспін. Бірақ бопсалағаны рас. 100 мың теңгені алғаны рас. Мен берген жоқпын сотқа», – деді «Қауіпсіздік РГП» ЖШС өкілі Ерғали Орынтай.

Ақша жиғандар соттың созылуына компания басшысы тікелей қатысты дейді. Сондықтан тараптар тату тарасамыз демейінше процесс жалғасып, бір адам бүтін ауылмен соттаса беретін түрі бар.

Мерей Бает, «Алматы» телеарнасы 

Новости партнеров