Алматыда демалыс күндері қоғамдық монша заңсыз жұмыс істеген

Almaty.tv
Almaty.tv
Карантин ережесіне бағынбастан келушілерді қабылдап отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда демалыс күндері қоғамдық монша заңсыз жұмыс істеген. Наурызбай ауданы Қалқаман ықшам ауданының Төле би көшесінде орналасқан монша шектеу шаралары күшейтілген күндері жұмысын тоқтатпаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 56-қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындары, жабық базарлар мен қоғамдық монша, сауналардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, талап ескерілмеген. Монша карантин ережесіне бағынбастан келушілерді қабылдап отырыпты. Енді жуынатын орын қожайынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық толтырылып, айыппұл салынады.

«Карантиндік мерзімде аудан бойынша 389-әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Аудандық әкімшілік, полиция бөлімі басқармасының, біздің басқарманың мамандарымен, Нұр Отан, Атамекен мемлекеттік органдармен мониторингтік группа шығып, қоғамдық моншаның жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Сол бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады», – деді Наурызбай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Шолпан Қойгелдиева.

Новости партнеров