Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кеткен
newtimes.kz
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рolisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында кәмелет жасқа толмаған баланың Subaru автокөлігінің рөлінде отырғаны туралы видеоны көрген.
«Автокөлік иесі анықталды. Оның айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Әлеуметтік желіге видео жарияланғанын да білмеген.
Көлік иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК көлемінде (1 АЕК – 3450 теңге) айыппұл салынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - делінген полиция хабарламасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33