Келес ауданында 15 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті

29.04.2020 22:11

Баланың мәйітін судан ауыл тұрғындары шығарып алды

kazinform.kz

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, 6 адам суға батқан. Қаза тапқандардың төртеуі кәмелет жасына толмағандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 23 сәуір күні Келес ауданына қарасты Бозай ауыл округінде қайғылы жағдай орын алған. 15 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне шомылып, суға батып кеткен. Баланың мәйітін судан ауыл тұрғындары шығарып алды.

«Суық суда шомылғанда баланың ағзасы тоңып, денесі құрысып қалады, мұның соңы қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтырады. Сондықтан төтенше жағдай кезінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға үйлерінде болу керектігін ескертеміз»,- дейді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы К.Қарабалаев.