Көкшетауда мұнара краны құлап, жұмысшы қаза тапты

05.04.2023 22:13

Осы факті бойынша тергеу басталды

kokshe_city_03

Көкшетау қаласында мұнара кран құлап, жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:00 шамасында құрылысы аяқталмаған үйдің ауласында болған. Зардап шеккен 28 жастағы азамат сол жерде тіл тарпай кеткен. Полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады. Дәл қазір мән-жайды анықтау жұмысты жүріп жатыр.

«Оқиғаға қатысты ҚК 277-бабы 2-бөлігі бойынша «құрылыс жұмысын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлығы жан-жақты тексеріледі», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.