Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Almaty.tv.
«Алдын ала дерек бойынша ол - төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристі құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.
ТЖМ тауға жалғыз шықпауды ұсынады.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар қыз көз жұмды