Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10:29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жеке меншік үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде», – дейді департаментте.
Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды.
Тілсіз жау сағат 11:45-те оқшауланып, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: алаяқ өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырған