|
Jol
05.08.2024 | 17:15
1418

Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады Almaty.tv

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

6 тамызда сағат 23:00-ден 8 тамызда сағат 11:00-ге дейін көпірде қозғалыс батыс бағытта, сондай-ақ Кудерин көшесінен қосылатын жол толығымен жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойындағы аймақтардың бірінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир