|
Jol
09.08.2024 | 17:16
1968

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі

Көлікпен даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі elements.envato.com

Рысқұлов даңғылына орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан бастап, Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс жабылады.

Көлікпен даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады, мұнда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын патрульдік полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға байланысты реттейді.

Учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді. Реверсивті қозғалыс басталар алдында шығыс және батыс жақта көлік ортасын бөлетін темір қоршау орнатылады.

12 тамыз сағат 8:00-де Рысқұлов даңғылынан Күдерин көшесіне және Солтүстік айналма көшесінен шығыс бағытқа бұрылатын жолдар ашылады. 12 тамыз сағат 12:00-де Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына шығыс бағытқа бұрылатын жол ашылады.

Айта кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпараттар Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карта» сервисінде көрсетілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир