Апаттан кейін «АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтады
pixabay
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шахтинскідегі апаттан кейін «АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазіргі таңда «АрселорМитталдың» бүкіл шахталарындағы жұмыс қосымша түсіндіру жұмысын жүргізіп, учаскелерді тексеру үшін және шахтаға түсіп жұмыс істейтін жұмыскерлерден сынақ қабылдау үшін бір тәулікке тоқтатылған. Ал Ленин атындағы шахтаның апат салдарын жою жұмыстарына қатысты шешім сараптама комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін ғана қабыладанады», - деді Юрий Ильин.
Ал облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қалған жеті шахтаның ертеңнен бастап жұмысын қайта жалғастыратынын еске салды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
27.11.2026 11:00
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
27.11.2026 10:15
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
27.11.2026 14:00