Полиция «Хан Шатырда» көз жұмған балаға қатысты істің мән-жайын түсіндірді

Полиция «Хан Шатырда» көз жұмған балаға қатысты істің мән-жайын түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Артықов «Хан Шатырда» көз жұмған балаға қатысты істің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға осы жылдың маусым айының үшінде болған. Нұр-Сұлтан қаласы №10  гимназиясының оқушылары оқудан кейін бірнеше жасақ болып, Хан-Шатыр ОСО-ға келеді. Олар 4-қабаттағы демалыс орнына келген. Сағат 11-ге таяған кезде жасөспірім қыз саяжайдағы бассейнге түсіп, суға батып кеткен. Сол жерде болған құтқарушылар қыздың денесін шығарып, оқиға орнында болған медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетеді. Жедел жәрдем шақырылады. Бірақ, көмек көрсетуден нәтиже шықпай, жасөспірім қыз жан тапсырды», - деді Қайрат Артықов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сол жерде болған Хан-Шатыр ОСО қызметкерлерінен, құтқарушылардан, медициналық қызметкерлерден, балаларды сол жерге алып келген гимназияның мұғалімдерінен жауап алынған.

«Құтқарушылардың іс-әрекетіне қатысты тексеріс тағайындалып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бассейнде балалар көп болды. Ол қыз судың астына кеткенде жанында болған қыздар айқайлап-шулап, мұғалімдерді шақырған. Мұғалімдер тез арада құтқарушыға айтқан. Құтқарушы суға секіріп, баланы шығарған. Баланы, біздің білуімізше, екі-үш минуттың ішінде алып шыққан. Бірақ ол суды көп жұтып қойған. Салдарынан сол жерде қайтыс болды», - деді ол.

Бұған дейін елордадағы «Хан Шатыр» СОСО бассейнінде қыз бала суға кетіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік.


Новости партнеров