Қапшағайда гидроциклден құлаған ер адам суға кетті

26.07.2020 22:18

ТЖД қызметкерлері оның денесін іздестіріп жатыр

yandex.kz/images

Қапшағай су қоймасында қауіпсіздік кеудешесі жоқ 40 жастағы ер адам гидроциклмен қатты бұрылмақ болып, құлап түсіп суға кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«24 шілдеде Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан жағажайда қауіпсіздік-құтқару кеудешесі жоқ күйде 1980 жылғы Б. есімді ҚР азаматы тіркеуде жоқ гидроциклмен су айдынына шығып, су бетінде маневр жасай бастаған. Кезекті бұрылыста суға құлап батып кеткен. Қазір Алматы облысы бойынша ТЖД қызметкерлері оның денесін іздестіріп жатыр», делінген хабарламада.