Өскеменде үш жігіт әйелді өрттен құтқарып қалды

ШҚО ТЖД ұсынған сурет
ШҚО ТЖД ұсынған сурет
12 наурызда Протозанова көшесіндегі үйдің 9-қабатынан өрт шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскеменде әйелді өрттен құтқарып қалған жігіттер марапатталады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

12 наурызда Протозанова көшесіндегі үйдің 9-қабатынан өрт шыққан. Сол маңнан өтіп бара жатқан үш жігіт пәтерден түтін шығып жатқанын байқап қалған. Бұл кезде үй иесі балконның шетінде тұрған.

"Берік Сағымбаев, Дарын Жәнібек пен Бектемір Әлібеков көмекке жүгірген. Олар төмендегі пәтердің балконы арқылы әйелді құтқарып қалды. Дарын медициналық колледжде оқиды екен. Ол әйелге алғашқы көмек көрсетті", - дейді департамент мамандары.

Одан кейін үш дос барлық пәтерді қағып, өрт шыққаны туралы айтып шыққан.

"Халық қауіпсіз жерге шыққаннан кейін үшеуі өз жұмысымен кетіп қалған. Өте қарапайым жігіттер екен. Өздері туралы ақпарат та қалдырмаған. Алайда Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті батырларды тапты. Бүгінде оларды марапаттау туралы рапорт әзірленді", - деп атап өтті құтқарушылар.

Берік Сағымбаев жеке кәсіпкер екен. Дарын Жәнібеков медициналық колледжде біліп алып жүр. Ал Бектемір Әлібеков "Өскемен жылу желілері" АҚ-да жұмыс істейді.

Новости партнеров