Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеді
Солтүстік Қазақстанда өрт сөндірушілер 24 адамды эвакуациялап, құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 20 тамызда сағат 06:46-да 101 телефонына Петропавл қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.
Сағат 06:53-те құтқарушылар жетіп, пәтердің балконынан қатты түтін шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 1928 жылғы ер адам өрт орнынан құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды.
Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеді. Өрт сағат 07:04-те жойылды.
ТЖ министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.