Жаңатастағы оқиға: Төтенше жағдайлар министрі өрттің шығу себебін айтты

23.02.2021 22:26

Электр сымдарының бұзылуы, аспаптардың істен шығуы сынды ақаулар да анықталмаған

Almaty.tv

Шырпы немесе тұтандырғыш зат қолданылған болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысы Жаңатас кентінде бес баланың өмірін қиған өртке қатысты алдын ала осындай болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысы оны Tengrinews ақпараттық агенттігінің тілшісіне айтқан. Министрдің сөзінше, көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, яғни онда ешқандай пеш, электр құрылғылары жоқ. Электр сымдарының бұзылуы, аспаптардың істен шығуы сынды ақаулар да анықталмаған.