Алматыдағы Лавренев көшесі уақытша жабылады

Almaty TV
Almaty TV

Бекмаханов-Майлин жолайырығынан теміржол өткеліне дейінгі учаскеде жөндеу жұмысы жүргізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Лавренев көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Лавренев көшесінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

19 шілдеде сағат 22.00-ден 22 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Бекмаханов-Майлин жолайырығынан теміржол өткеліне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Сүйінбай даңғылы мен Захаров көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS-те жазылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18 көше жөнделеді

Новости партнеров