Әкімдіктер кәсіпорындарға қойылатын талаптардың қаншалықты орындалып жатқанын тексеред
Қайта ашылған бизнес нысандары жоспардан тыс тексерілуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті Жұмыс орны мен коммуникациялық нысандардағы жұқпалы аурулар бойынша қадағалау бөлімінің басшысы Гүлнар Қалиева айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясын таратпау бойынша Жедел штабтың шешімімен жұмысын қайта бастайтын кәсіпорындарды аудандық әкімдіктер бақылайды. Әкімдіктер кәсіпорындарға қойылатын талаптардың қаншалықты орындалып жатқанын тексереді», – деп түсіндірді спикер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген онлайн брифингте.