|
01.02.2019 | 17:30
3054

Астанада балабақшаға келген ата-аналардың көлігін тонағандар ұсталды

Жертвами стали несколько жительниц города. Их машины "обчищали", когда женщины заходили в детские сады за своими детьми

Астанада балабақшаға келген ата-аналардың көлігін тонағандар ұсталды Tengrinews.kz

Елордалық полицейлер балалар мекемесінің маңында қалдырылған автокөліктерді бірнеше рет тонады деген күдік бойынша үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Тengrinews.kz Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында балабақшаның маңында автокөліктерден бірнеше рет ұрлық жасаған үш ер адамды ұстады. Осылайша, елорда тұрғындары автокөліктердің салонынан құжаттар мен ақша салынған сөмке ұрланғаны туралы полицияға арызданды. Күдіктілер ұрлықты әйел адамдар балабақшаға балаларына кеткен кезде терезесін сындыру арқылы қылмыстық ойын іске асырып отырған», - делінген хабарламада.  

Бұрындары сотты болған күдіктілер Астана қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалды және сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін. Мүмкін, полицияға арызданбағандар да бар шығар. Полиция қызметкерлері осы тұлғалардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Астана қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441 телефондарына және «102» нөміріне хабарласуды сұрайды», - делінген хабарламада.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін полиция қызметкерлері қарапайым сақтық шараларын сақтауды, яғни қылмыскерлердің назарын аударатын автокөлікте сөмкелерді, құжаттарды, өзге де бағалы заттарды қалдырмауды ұсынады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир