Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)
ашық дереккөз
DND мәлімет бойынша, ұшақ бортында 95 жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Pakistan International Airlines (PIA) жолаушылар ұшағы бүгін, 22 мамырда Карачи қаласына жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dispatch News Desk (DND) басылымына сілтеме жасап.
DND мәлімет бойынша, ұшақ бортында 95 жолаушы болған. Агенттік экипаж мүшелерінің саны туралы мәлімет бермеген.
Жолаушылар ұшағы Пәкістанда үлкендігі бойынша екінші саналатын Лахор қаласынан Синд провинциясының орталығы Карачиге бағыт алған. Джинна халықаралық әуежайына қонуға аз қалғанда ұшақ құлады.
Болжам бойынша апатқа техникалық ақау себеп. Дереккөздерге сілтеме жасаған DND, ұшақтың тұрғын үй аумағына құлағанын мәлім етті. Ұшақтың құлауы салдарынан бірнеше үйге зақым келген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19