Түрксіб ауданында жер үйлердің бірінен өрт шығып, жарылыс қаупі туындаған

15.06.2020 22:30

Жалынды тез ауыздықтауға ғимараттардың тығыз орналасқаны кедергі болған

almaty.tv

Кеше кешкі 17.00 шамасында Түрксіб ауданындағы жер үйлердің бірінен өрт шығып, жарылыс қаупі туындаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, қызыл жалын алдымен жер үйге жапсарлас орналасқан мейрамхана шатырынан басталған. Оттың тез таралуына шатырдың ағаштан жасалғаны себеп болған.  Жалынды тез ауыздықтауға  ғимараттардың тығыз орналасқаны да кедергі болыпты. Дегенмен өрт сөндірушілер шапшаң қимылдап, электр желілері мен газдың апаттық нысандары дер кезінде ажыратылды. Барлығы өрт сөндіруге 22 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Абырой болғанда, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.