Қала әкімдігі тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады
10 ақпан күні сағат 13:27-де қалада 220 кВ KEGOK желісінің бойында электр қуаты үзілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ЖЭО мәліметінше, сағат 14:07-де электр қуатын беру қалпына келтірілді.
Жылыту мәселесіне келсек: сағат 14:15-те 5-энергетикалық қазандық пен ыстық су қазандығының тұтануы басталды. 14:20-да жылу магистраліндегі айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС сорғыларды іске қосып жатыр.
Қала әкімдігі тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.
Былтыр желтоқсан айында Степногорск қаласында 30 градус аязда бірқатар үйдің тұрғындары жылусыз қалған еді.
Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: 8 облыстың 15 жол учаскесі жабылды