|
04.03.2021 | 17:36
1533

Желкесінен сүйреп, еденге лақтырған: Өскеменде балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға «Арман» атты мектепке дейінгі мекемеде болған

Желкесінен сүйреп, еденге лақтырған: Өскеменде балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Желкесінен сүйреп, еденге лақтырған. Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді жұлқылап, еденге ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv

Оқиға «Арман» атты мектепке дейінгі мекемеде болған. Балалардың бірінің ата-анасы тәрбиеші ұлымен қатал екенін айтып шағымданады. Айыпты растау үшін олар мына видео кадрларын көрсеткен. Онда әлгі тәрбиешінің баланы ұстап алып, басқалардың көзінше жұлқылағаны анық көрініп тұр.  

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бұл деректі растады. Видеодағы жанжал 17 ақпанда болғаны, ал баланың ата-анасы кеше арызданғаны мәлім болды. Қазір балабақша директоры мен тәрбиеші жұмыстан босатылған. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық кодекстің 140-бабы, яғни кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал топтағы балалармен бүгіннен бастап психолог жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир