Қорғаста 2000 блок темекі мен қымбат қаракүзен тондар тәркіленді
Стопкадр из оперативного видео
Шекарадан заңсыз алып өтпек болған тауардың соммасы 13 миллион теңгеден асып жығылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Алтынкөл» кеден бекетінде заңсыз тауарлар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
600 келідей болатын 2000 блоктан астам темекі мен 40-қа жуық қаракүзен терісінен жасалған тон, түлкі терісінен жасалған 77 ішік, 13 дана қаракүзеннен тігілген бас киім декларацияланбаған болып шықты. Шекарадан заңсыз алып өтпек болған тауардың соммасы 13 миллион теңгеден асып жығылады.
Ал кедендік баж төлемі мен салыққа шамамен 7 миллион теңгеден астам ақы төленуі тиіс еді. Қазір жауаптылар өз әрекеттері үшін тергеліп жатыр. Ал тәркіленген тауарлар уақытша қоймаға қойылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34