Нұр-Сұлтанда бір кісі көпірге шығып, секірейін деп отыр

12.09.2019 22:36

Ер адам секірген жағдайда түсуі мүмкін жерге батут орнатылды

Zakon.kz

Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы аспалы көпірдің биік төбесіне шығып алған белгісіз ер адам секіріп өлемін деп қаланы дүрліктіруде, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар келіп, өрт сөндіру қызметінің көлігі тартылған.

Ер адам секірген жағдайда түсуі мүмкін жерге батут орнатылды. Құтқарушылар оған "ақымақтық жасама, сабырға кел, көпірден түсе ғой" деп жатыр.