Текеліде лай көшкінінен 5 жастағы қыз қаза тапты

Текеліде лай көшкінінен 5 жастағы қыз қаза тапты
Оқиға 15 мамырда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, жоғалып кеткен бес жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел Ғacebook парақшасында жазды.

«Бес жасар қыздың мәйіті табылды. Шапағатшы болсын!» - деп жазды ол.

Айта кетсек, бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылды.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр.

Көшкіннен жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшықтың астында қалды, тұрғын үйлердің тағы төртеуінің ауласын ішінара лай көшкіні шайып кетті.






Новости партнеров