Атырауда алты жасар қыз үйінің ауласындағы тереңдігі екі метр шұңқырға құлап көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 13 маусым күні кешкі сағат 21:50-де қаладағы жер үйлердің бірінің ауласында болған.
«Баланың туыстарының айтуынша, сағат 19:50 шамасында қыз бала аулаға ойнауға шығып кеткен. Екі сағаттан кейін қыздың денесі тереңдігі екі метр дәретхана шұңқырынан табылды», - делінген хабарламада.
Облыстық полицияның хабарлауынша, соңғы уақытта өңірде жазатайым оқиғалар көбейіп кеткен, салдарынан үйдің ауласында қараусыз қалған балалар мерт болды.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда бір жарым жасар ұл бала жоғалып кеткен болатын. Оның денесі екі күннен кейін үйінің ауласындағы септиктен табылған еді.