22 наурыздан бастап Алматыға кіріп-шығу толығымен тоқтатылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Қоғамдық көліктер қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыра бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында жұмыс істейтін облыс тұрғындары бүгін түнгі сағат 00:00 бастап кіргізілмейді. Ал, қоғамдық көлік жүргізушілері, медициналық және құқық қорғау сынды мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс берушілері оларды қалаға орналастыру жағын қарастыруы қажет. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Темір жол мен әуе тасымалы арқылы өзге өңірде тұратындарға шаһардан шығып кетуге және алматылықтарға қалаға оралуға тура 72 сағат уақыт беріледі. Ал, 22 наурыз 00:00-де Алматыға кіріп-шығу толығымен тоқтатылады. Сондай-ақ, әкім орынбасары қалаішілік қоғамдық көлік жұмысын тоқтатпайтындығын да хабарлады. Атап, айтқанда автобустар мен метро қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыра бермек. Тіпті, аралық интервал 20 пайызға артады.  Брифинг барысында Ерлан Қожағапанов қазіргі жағдайға бейжай қарамай қол ұшын созып, көмегін беріп жатқан меценаттарды да атап өтті.  

Новости партнеров