Алматыда қоғамдық көлікте жүрген қалта ұрылары ұсталды

18.03.2019 22:42

Ведомствоның хабарлауынша, «суық қолдардың» барлығы да криминалды полицияның жедел-із кесу бөлімінің жедел-іздестіру шараларының барысында анықталған

МИА «Казинформ»

Алматыда өткен демалыс күндері қоғамдық көліктерде, автобус аялдамаларында және сауда орталықтарында қалта ұрлығымен айналысқан 8 адам ұсталды, деп хабарлайды  қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ведомствоның хабарлауынша, «суық қолдардың» барлығы да криминалды полицияның жедел-із кесу бөлімінің жедел-іздестіру шараларының барысында анықталған.

«Осыған байланысты біздер азаматтарды өз заттарына мұқият сақ болуларын қайта-қайта ескертеміз. Бағалы заттарды еш уақытта киімнің сыртқы және артқы қалталарына салуға болмайды, жеке заттарыңыздың барлығы көзіңізден таса болмауы қажет», - деп кеңес берді Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.