|
05.05.2021 | 17:43
5380

Көлік қағып кеткен 15 жасар жасөсірім ес жимастан жан тәсілім етті

Мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіге қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды

Көлік қағып кеткен 15 жасар жасөсірім ес жимастан жан тәсілім етті Sputnik

Алматыда көлік қағып кеткен 15 жасар жасөсірім ес жимастан жан тәсілім етті. Ал мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіге қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті қазір қамауда. Оқиға кеше кешкісін Іле тас жолында орын алған. Жолды тиісті емес жерден жүгіріп өтпек болған қыз баланы Audi маркілі көлігі қатты жылдамдықпен соғып кеткен. Ауыр жарақат алған қыз бірден комаға түскен. Ал бүгін есін жимастан ауруханада көз жұмды. Ішімдікке сылқия тойып алып көлік тізгіндеген 39 жастағы ер адам басқа біреудің көлігін айдап кеткені былай тұрсын, қаққаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Ал, кейіннен автокөлік метал бағанаға соғылып бірақ тоқтаған.

«Audi маркілі автокөлікті тізгіндеген 1982 жылғы азамат жолдың қақ ортасында тұрған жасөспірімді қағып кетіп, нәтижесінде ол медициналық мекемеде жан тәсілім етті. Аталмыш дерек бойынша кінәлі жүргізушіге қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы және 347 бап», – деді  қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир