Әзірге апаттың себептері белгісіз
Белгісіз себептермен 60 жолаушысы бар автобус жолдан арыққа ұшып кетті. Апат салдарынан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында автобус жол бойындағы арыққа ұшып кетті, нәтижесінде 30 жолаушы жарақат алып, 10 адам қайтыс болды.
60 жолаушысы бар автобус Пинахаттан Аграға Этавадағы Лакхна ғибадатханасына бара жатқан. Әзірге апаттың себептері белгісіз.
Бұған дейін, Индонезияда автобус жартастан құлап, ондаған адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Түркияда да дәл осындай жол-көлік оқиғасы туралы хабарланды. Онда мектеп автобусы жартастан құлап, балалар қаза тапқан.