Ақтаудағы турнирде 17 жастағы спортшы көз жұмды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда турнир кезінде спортшы көз жұмды. Қайғылы оқиға «Батыр» спорт кешенінде балалар, жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасындағы облыстық чемпионат кезінде болған. Әлеуметтік желіде жекпе-жек барысынан бейнежазба тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 жастағы спортшы жарыс кезінде қарсыласының соққысынан құлаған. Оған алғашқы көмекті спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем жас жігіттің өмірін сақтап қала алмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

– Спортшы кикбоксингтен әлем чемпионы еді. Менде жаттыққанына 3 ай болды. Оның ешқандай сырқаты болмаған. Бұрын да талай жарысқа барған азамат қой. Бірінші раундты ол 20 секундта жеңіспен аяқтап, екінші раундты бастаған. Қайғылы жағдай, мұндай үлкен жарыста тек дәрігерлер отырмай, жедел жәрдем көлігі тұруы керек деп ойлаймын, – деді жаттықтырушы Эльвин Агаев.

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Новости партнеров