|
Jol
05.08.2024 | 17:46
1372

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына уақытша жабылады

Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына уақытша жабылады elements.envato.com

Сәтбаев көшесінің аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

7 тамыз сағат 23:00-ден 9 тамыз сағат 11:00-ге дейін Масанчи көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.

Бұл аумақты шығыс бағытта Масанчи көшесі және Абай даңғылы, ал батыс бағытта Желтоқсан көшесі мен Тимирязев көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир