Ақтөбеде резервуарға құлаған оқушы есін жинамастан көз жұмды

19.06.2022 22:48

Облыстық балалар ауруханасына түскен оқушының жағдайы өте ауыр болды

Қазақпарат

Ақтөбеде жоғалып кетіп, қараусыз қалған резервуардан табылған бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы Жанқожа батыр көшесінде тұратын 9 жастағы бала ауладан шығып, ойнап кеткен. Кейін ата-анасы полицияға қоңырау шалған. 102 нөміріне хабарлама 31 мамыр күні сағат 23:31-де түскен. Бірден іздестіру жұмысы жүріп, бала тереңдігі 10 метр болатын резервуардан табылды. Бірақ, жағдайы өте нашар болды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оны резервуардан көтеріп шығарып, балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Облыстық балалар ауруханасына түскен оқушының жағдайы өте ауыр болды. Ол сол күйі есін жия алмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ем-шараға қарамастан, бала кеше сағат 22:00-де көз жұмды.