Оралда екі автокөлік соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді

12.09.2021 в 22:30

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде

Оралда екі автокөлік соғысып, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат шамамен 14.30-да Қ.Миханова мен Н.Гастелло көшелерінің қиылысында болды.

«Ауди» автокөлігінің жүргізушісі «Субару» көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Соның салдарынан «Субару» аударылып қалып, түрлі жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Теги: көлік