Астанада жолаушылар автобусы тепловозға соғылды

01.09.2023 22:51

Қоғамдық көлік жол қозғалысы талаптарын сақтамай жүйткіген

Ашық дерек көзінен

Елордада №30-шы бағыттағы автобус тепловозға соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- 31 тамызда сағат 21:40-та Тайбұрыл көшесінен Үшқоңыр көшесі бағытындағы өткелде №30 автобустың жүргізушісі жол ережесін бұзып (теміржол өткеліндегі жол белгілерінің талаптарын сақтамай, бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, тепловозбен соқтығысты, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушінің жолаушылар көлігі саласындағы еңбек өтілі – 30 жыл. Ол №1 автобус паркінде 10 жылдан бері жұмыс істейді. Бағытқа шықпас бұрын, таңғы сағат 05:30-да медициналық тексеруден өткен. Оқиғаға байланысты жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, CTS компаниясының біліктілік орталығына қайта даярлауға жіберілді.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда қысқа дайындық қалай жүріп жатыр