Ер адам 4-қабаттан құлап кетті

07.05.2024 22:52

Ол дәмхананың үстіне құлаған

elements.envato.com

Ақтау тұрғыны төртінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, ер адам он метрдей ұшып кетіп, дәмхананың үстіне құлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамды дәмхананың төбесінен шығаруға ғана мәжбүр болды.

Бұған не себеп болғаны белгісіз. Ақтау тұрғыны медициналық көмекке мұқтаж болды.

Өрт сөндірушілер көпқабатты үйдің 4-қабатынан дәмхананың шатырына құлап кеткен 36 жастағы ер адамды құтқарды. Зардап шеккен адам шатырдан түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті