Ақтөбе облысында құдыққа құлаған сәбидің жағдайы бірқалыпты

24.03.2023 22:53

Тереңдігі 4 метрлік құдыққа түскен сәбиді әкесінің досы аман алып шығыпты

kznews.kz

Ақтөбе облысында 1,5 жасар сәби құдыққа құлап кетті. Оқиға Мәртөк ауданы Жайсаң ауылындағы жер үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тереңдігі 4 метрлік құдыққа түскен сәбиді әкесінің досы аман алып шығыпты. Есімі – Данияр. Оның айтуынша, бүлдіршін құлаған жердің беті жабық болғанымен, құдық айналасы опырылып ашық жатқан. Сол ойық арқылы төменге арқанмен түсіп, суға бата жаздаған баланы қараңғы жерден алып шыққан. Ең бастысы – қазір сәбидің жағдайы бірқалыпты.  

«Құдыққа түсу үшін дене бітімі арықтау адам қажет болды. Сондықтан досымды көмекке шақырдым. Бар шаруасын тастап Жайсаңға келді. Қызымды аман алып қалды. Алғысым шексіз», – деді баланың әкесі Медет Қарағұлов.