|
09.06.2020 | 17:56
4762

Блок-бекеттегі оқиға: Күдікті полицейдің 4 күн бұрын жұмысынан кеткені белгілі болды

Күдікті ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Блок-бекеттегі оқиға: Күдікті полицейдің 4 күн бұрын жұмысынан кеткені белгілі болды  kaz.tengrinews.kz

Алматы полициясы блок-бекетте болған жол апатына айыпты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азат Азаматов ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамырына дейін Патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жол апатынан 4 күн бұрын ол өз еркімен қызметінен кеткен. Жауапкершілігінің төмен болуына байланысты қызмет еткен жылдары 4 рет тәртіптік жазаға тартылып, бірде-бір рет ынталандыру сыйақысын алмаған. Жол апаты кезінде ол мас болған. 

Оны сот-наркологиялық сараптама көрсетті. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас болған. 25 мамырдағы жол апатынан соң, жеке құраммен профилактикалық жұмыс ақсап тұрғандығы туралы қорытынды шығарылды. Одан бөлек, БАҚ-қа жаңсақ ақпарат берілгеніне байланысты сын айтылды», – деді полицияның баспасөз қызметінен. 

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Күдікті ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир