Медеу ауданындағы «Горельник» шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қар еруі салдарынан көлемі 5 текше метр су төгілген
Төтенше жағдай қызметі жедел түрде Алматының таулы аймағындағы су тасқынының алдын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін, 5 мамыр сағат 15:52-де Алматы төтенше жағдайлар департаментіне шұғыл хабарлама келіп түскен.
Медеу ауданындағы «Горельник» шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қар еруі салдарынан көлемі 5 текше метр су төгілген.
Осылайша бұру құбырының ластануынан (800 мм) жол төсемін су басып қалды.
Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ, ештеңе қирамаған.
«Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың арқасында бұру құбыры тазартылып, қалпына келтірілді
Оқиға орнында 16 қызметкер, 6 техника жұмыс істеді.
Апат салдарын жою ісіне Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Алматы Су» АҚ, Алматы қаласы ПД қатысты.