Мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісі неден пайда болды

22.02.2024 22:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәселені түсіндірді

elements.envato.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісі неден пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ведомство хабарлады. 

- Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, - делінген комитеттің Telegram арнасында жарияланған хабарламада. 

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, көлік жолдарының ашылуына байланысты жекелеген бағыттарда көлік кептелісі байқалады. Олар: Қазақстан-Қырғыз учаскесі ("Қарасу" өткізу пункті); Қазақстан-Өзбекстан учаскесі ("Тәжен", "Қазығұрт" өткізу пункттері); Қазақстан-Ресей учаскесінде ("Сырым" өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады. Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райына байланысты тағы екі облыстың автожолы жабылды