Алматы көшелерінің бірінде қозғалыс уақытша шектеледі

18.09.2024 23:50

Шектеу Абай даңғылының ұзаруына байланысты енгізіліп отыр

elements.envato.com

Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 19 қыркүйекте 23.00-ден 29 қыркүйекте 23.00-ге дейін Алатау даңғылынан Строительная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

«Айналма жол оңтүстік бағытта Строительная, Құндызды, Сабденов көшелерімен, солтүстікте-Строительная, Қ. Медеубеков, Бекешев көшелерімен қамтамасыз етіледі. Учаскеде ескерту белгілері қойылады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту бойынша қозғалысты ағымдағы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда қалған 600 метр учаскеде жұмыс жүргізілуде, ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды.

Айта кету керек, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда Медеу ауданындағы көше қиылыстарының бірінде қозғалыс шектеледі