|
Jol
17.09.2024 | 15:01
187

Алматыда Медеу ауданындағы көше қиылыстарының бірінде қозғалыс шектеледі

Уақытша шектеулер құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі

Алматыда Медеу ауданындағы көше қиылыстарының бірінде қозғалыс шектеледі elements.envato.com

2024 жылғы 18 қыркүйектің сағат 7:00 бастап 19 қыркүйектің сағат 7:00 дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған қиылыс бойынша қозғалыс екі жаққа қарай жабылады.

Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 305 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 5 көппәтерлі тұрғын үйді және тағы 4 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Атырау облысының тұрғыны 27,6 келі бекіремен ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир