Талдықорғанда мас жүргізуші әйел мен екі баласын қағып кетті

Талдықорғанда мас жүргізуші әйел мен екі баласын қағып кетті
54 жастағы көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда ішімдік ішкен көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында әйел адамды екі баласымен қағып кетті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 1 мамыр күні орын алған.  54 жастағы көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сондай-ақ, ол көлікті құжатсыз жүргізген. Машинаның мемлекеттік номері де жалған болып шықты. Ал зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Анықталғандай жүргізуші  2017 жылы  көлікті ішімдік ішіп жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылып, көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Сонымен қатар, темір тұлпар Қырғызстаннан жеткізілген. Және оған жалған мемлекеттік номерді қолданған. Қазір осы фактіге орай Қылмыстық іс қозғалды. Іс Талдықорған қалалық полициясының қарауында», - делінген хабарламада.


Новости партнеров